загрузка...
загрузка...
На головну

Семинар № 14

Дивіться також:
  1. III. ТЕМЫ И ПЛАНЫ СЕМИНАРСКИХ ЗАНЯТИЙ
  2. IV. ПРОГРАММА СЕМИНАРСКИХ ЗАНЯТИЙ
  3. Вопрос, 4 семинар
  4. Вопрос, 4 Семинар
  5. Вопросы для подготовки к семинару.
  6. Вопросы для подготовки к семинару.
  7. Вопросы к семинарскому занятию
  8. Вопросы к семинарскому занятию
  9. Вопросы к семинару
  10. Вопросы к семинару № 13
  11. ЗАДАНИЯ К СЕМИНАРСКИМ ЗАНЯТИЯМ
  12. Зачет выставляется по результатам работы на семинарских занятиях и защиты контрольной работы.

Тақырып: Еңбек пен демалыстың тиімді тәртіптері, дұрыс тамақтану

Мақсаты мен міндеттері: адамдардың өзінің жұмыс уақыты кезінде дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, демалыс уақыты кезіндегі тамақтану тәртібін орындап, дұрыс салауатты өмір сүру ережелерін үйрету.

Жоспар:

1. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

2. Тамақ ішу тәртібі

3. Тамақтану процесінің принциптері

1. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

Жұмыс уақыты- бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі. Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптар-дың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін. Қызметкер жеке еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, деген-мен бұл уақыт нақты жұмыс істелген уакытпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыт дегеніміз - жұмыс уакытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уакытқа төленеді

Жұмыс уақытына мыналар жатады:

1. дайындалу-қорытынды жұмыстар (тапсырма алу, материалдар, құралдар, техникалармен, құжатамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, дайын өнімді өткізу және басқалары)

2. технология, еңбек ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс қалыптастыра алмағандағы күту уақыттары, мейрам және демалыс күндеріндегі кезекшілік

3. еңбек, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерімен немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталған үйде кезекшілік ету және бюасқа да кезеңдер

Жұмыс аптасының түрлері:

1. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы

2. Бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы

Жұмыс уақытына мыналар кіреді:

1. күнделікті жұмыс уақыты (жұмысшының өтеген және өтелмеген уақыттары кіреді)

2. үстеме жұмыстар, түнгі уақыттағы жұмыстар, демалыс күндері, мейрам күндері, іссапарлар

3. төленетін және төленбейтін уақыттар, сонымен қатар жұмысшының немесе жұмыс берушінің кесірінен жұмыс уақытынан айырылу

4. жұмыс уақытында жұмысшыны басқа орында қызметке жұмылдыру, сол уақыт мерзімін бекітілген еңбек келісім-шартына сәйкес есеп құжаттарына толық жұмыс уақыты ретінде белгілеу

Демалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт.

Демалыс уақытының түрлері

1. жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) - демалыс және тамақтану үзілісі; ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;

2. күнделікті демалыс (ауысымаралық);

3. демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);

4. мейрам күндері;

5. еңбек демалыстары.

Демалыс күндері

1. бес күндік жұмыс аптасында жұмысшыларға аптасына екі күн демалыс беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде - бір күн;

2. мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар - православ Рождествосы демалыс күндері саналады;

3. өндірістік-техникалық жағдайларға, халықты үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігі жағдайында үздіксіз жұмыс істейтін орындар немесе демалыс күндері тоқтату мүмкін емес өндіріс орындарындағы жұмысшыларға демалыс күндер аптаның кез келген күні, жұмысшылардың өкілдерімен келістіріле жасалған жұмыс берушінің бекітілген актілеріне сәйкес, жұмысшылармен кезектесе отырып демалыс беріледі;

4. іссапардағы жұмысшы бағытталған жұмыс берушінің еңбек тәртібіне сәйкес берілген демалыс күндерін пайдаланады.

Еңбек дамалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы ұзіліссіз демалысқа босату.

Демалыс түрлері

1. төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары;

2. әлеуметтік демалыстар:

· жалақысы сақталмайтын демалыс

· оқу демалысы

· баланың тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алу.

2. Тамақ ішу тәртібі

Тамақтану тәртібі дегеніміз - ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш - немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диоьологтың да кеңесі артық болмайды.

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Тәбет дегеніміз - аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс.

Тамақтанудың негізгі ережелері:

Аштық - «табиғаттың дауысы», немесе, асқазан тамақ қажет етеді деген ұғымі. Бұл қағида тамақ ішетін уақыттың келгендігін білдіреді. Ертеректе тамақ ішетін кесікті бір кесте, уақыт жоқ - тын. Адамда тамаққа деген тәбет пайда болғанда ол өзінде ауыз бен өңешінің барын сезінеді. Ал, асқазандағы бұлшық еттердің жұмылуы аштық пен тәбеттің ашылғанынан хабар береді.

Тәбет дегеніміз - аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс. Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады. Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы фактролардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі. Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі рацион, кесікті кесте, тамақты қанағатықпен тұтыну керектігін ұсынады.
Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл - тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын артырады дейді.
Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз - ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.

3. Тамақтану процесінің принциптері

Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді. Бұл принциптер тамақтану тәртібінде айтылып кеткен болатын.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш - немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн.

Аштық - «табиғаттың дауысы», немесе, асқазан тамақ қажет етеді деген ұғымі. Бұл қағида тамақ ішетін уақыттың келгендігін білдіреді. Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл - тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын артырады дейді.
Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Оңтайлы тамақтану - ағзаның калыпты өсуі мен дамуының, оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қызмет істеуінің негізгі жағдайларының біріТамақ көлемі бойынша жеткілікті, оның құрамында ағзаның тіршілігі үшін қасиетті барлық нәрселер болуы, адамның жасына, оның тіршілік ету жағдайларына сәйкес жұмсалған күш- куатты орнына келтіретіндей болуы керек. Оңтайлы тамақ ішудің маңызды принципі режим болып табылады, яғни тамақ белгілі бір сағаттарда ғана ішілуі тиіс.

Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспасын. Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан -ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте үзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады.

Тамақ ішу тәртібі:

Тамақ ішу тәртібін жүйелі түрде сақтамау асқазан ауруларының дамуының негізін салады, ағзадағы зат алмасуының бұзылуын туындатады. Осындай ретсіз тамақтану асты көп ішу дағдыларын қалыптастырады, яғни дене салмағының артуына , ал кейде семіруге әкеп соқтырады. Әсіресе, организмі калыптасу мен қарқынды өсу деңгейінде болатын жеткіншектер дұрыс тамақтану тәртібін сақтағаны маңызды , ал мектептін немесе КТМ-нің жоғары сыныптарындағы (қурстарындағы) сабақтарда оларға қойылатын талаптар жеткілікті жоғары.

ТМД елдерінің жетекші ғалымдары балалар мен жеткіншектердін тамақтық заттар мен қаутқа (яғни күнделікті рационының калориялығы) кажеттілік нормаларын жасаған . Осы ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес 14-17 жастардағы жасөспірімдердің тәуліктік тамақ рационының калориялығы 2900 килокалорияны , осы жастардағы қыздарда -2600 килокалорияны,құрауы керек. Тамақ калориялығы күш-қуатты жұмсаукөлеміне байланысты белгіленеді, сондықтан да КТМ оқушылары үшін олардың оқу- өндірістік жұмысының сипатын есептей отырып, осы норманы 10-15%-ке артгыру қарастырылған.

Белгілі бір сағаттарда ғана тамақ ішу маңызды. Бұл жағдайда ағзада уақытқа шартты рефлекс қалыптасады, яғни тамақ ішу белгіленген уақытта асқазан сөлі көбірек бөлінеді, тәбет ашылады, тамақты жақсы қорытуға жағдай жасалады.

Тамақ ішудің жекелеген уақыттарды мектептегі сабақтың басталуына, олардың ұзақтығына, мектеп пен үй арасындағы жолға кететін уақытқа байланысты біршама ауысуы мүмкін . Дегенменде бұл айырмашылық 30-40 минуттен аспауы керек.

Таңертеңгіліқ ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгіліқ аспен бірдей болып ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады. Кейде үйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы . Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн.

Дұрыс құрастырылған тамақтану рационының құрамында сұйықтың жеткілікті көлемі болады. Дегенменде денеге елеулі ауырлық түскенде, жорық күндері , жазда сүйық-сусынның қажеттілігі артады, өйткені тер бөлінуі күшейеді де, ағзаның сұйықты қажет етуі көбейеді. Шөлді қайнаған су, шәй ішіп басу керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге де сусындарды шектелген көлемде қабылдау керек.

Студенттердің тамақтану тәртібін нақты көз алдымызға елестетіп көрелік. Күн жеткілікті тығыз және калориялы ыстық таңертеңгілік астан басталады. Бұл дайындауы онша қиын емес сосиска, жұмыртқа, омлет, ботка, сүт қатылған шәй немесе кофе, какао, бутерброд болуы керек. Екінші таңертеңгілік асты студенттер мектептегі төртінші сабақтан кейін, яғни таңертеңгі бірінші астан кейін 3-3,5 сағат өткеннен кейін қабылдайды . Бұл ас ет не балығы бар, гарнирлі ыстық ас және шәй. Түскі асқа салат немесе венегрет, сорпа, ет не балығы бар гарнирлі екінші тамақ, компот немесе кисель ұсынылады. Кешкі тамакка сүзбе, сүт, айран, жеміс-жидек тағамдары желінеді. Кешкі асқа шөлдетіндей тамақ даярлауға болмайды. Ет немесе балық, сүт, жеміс- жидектер, нан секілді тағамдар күн сайынғы ас мәзіріне, ал өзге - қаймақ, жұмыртқа, сүзбені күнде емес етіп ас мәзіріне қосу керек , бірақ бұлардың бәрі де апталық рационда болуы керек. Тамақ әр түрлі болуы үшін азық-түліктің түрін көбейтіп қана қоймай, сондай- ақ олардан түрліше тағамдар дайындау қажет.

Тамақтану режимінің маңызды элементтерінің бірі- тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы т. б. «Жүріп келе жатып», не өте ыстық немесе суып қалған тамақты ішуге болмайды. Бірінші және екінші ыстық тамақтың температурасы шамамен 50 С болуы тиіс. Негізгі тағамдарды ішу арасында тәтті тағамдарды жемеу керек, өткені бүлар тәбетті, ішек- асқазан жолы жұмысының ырғағын бұзады. Спортпен шүғылданған кейін, үлкен дене жүктемелерін орындағаннан кейін бірден дастарханға отыру ұсынылмайды.

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:

1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық - гигиеналық нормаға сай болуы.

Лекция № 14 «-- попередня | наступна --» Лекция № 15
загрузка...
© om.net.ua