загрузка...
загрузка...
На головну

Семинар №9

Дивіться також:
  1. III. ТЕМЫ И ПЛАНЫ СЕМИНАРСКИХ ЗАНЯТИЙ
  2. IV. ПРОГРАММА СЕМИНАРСКИХ ЗАНЯТИЙ
  3. Вопрос, 4 семинар
  4. Вопрос, 4 Семинар
  5. Вопросы для подготовки к семинару.
  6. Вопросы для подготовки к семинару.
  7. Вопросы к семинарскому занятию
  8. Вопросы к семинарскому занятию
  9. Вопросы к семинару
  10. Вопросы к семинару № 13
  11. ЗАДАНИЯ К СЕМИНАРСКИМ ЗАНЯТИЯМ
  12. Зачет выставляется по результатам работы на семинарских занятиях и защиты контрольной работы.

Тақырыбы: І.Қоныстандыру және көшіру.

ІІ. ТЖ-да су және азық-түліктердің қорғалуы.

Мақсаты: І. Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қоныстандыру және көшіру жайлы түсінік беру.

ІІ. ТЖ-да су және азық-түліктердің қалай және қалай қорғалуы туралы айтып, түсіндіріп кету.

№1 сұрақ

Қандай уақыттарда көшіру кеңінен қолданылған?

Жауабы:

Соғыс уақыттарында көшіру кеңінен қолданылып отырған.

№2 сұрақ

Көшіру шаралары нені қамтиды және олардың түсініктемелері?

Жауабы:

Көшіру шаралары мыналарды қамтиды:

- көшіру-Төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

- қоныстандыру-бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратыны ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру.

№3 сұрақ

Қауіпсіз аймақ дегеніміз не?

Жауабы:

Қауіпсіз аймақ дегеніміз бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

№4 сұрақ

Бытыраңқы орналастыру дегеніміз не?

Жауабы:

Бытыраңқы орналастыру дегеніміз - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

№5 сұрақ

Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру барысында қандай органдар құрылады?

Жауабы:

Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері, көшіру-қабылдау пункттері құрылады.

№6 сұрақ

КҚК (көшіріп-қабылдау комиссияның)-нің негізгі міндеттері қандай?

Жауабы:

КҚК-нің негізгі міндеттері: көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, оларды негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдастыру, келгендердің санын, берілетін көлік тәртібін нақтылау, қала КК-мен ұдайы байланыс жасау өз аумағындағы санитарлық эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бағалау.

№7 сұрақ

Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер неше топқа бөлінеді және оларға кім кіреді?

Жауабы:

Көшірілетіндер 3 топқа бөлінеді

Бірінші топ:

- соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қамтамасыз ететін үйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;

Екінші топ:

- соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;

- министрліктер мен агенттіктердің орталық аппараттарының қызметкерлері;

соғыс уағытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері

Үшінші топ:

- жоғарғы оқу орындарының студенттері, өрта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік техникалық училищелердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсетуші қызметшілер;

- мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, оқытушылар, тәрбиешілер мен қызмет көрсетуші құрам;

- мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші персонал;

- жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың қызметкерлері.

№8 сұрақ

Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық құндылық тізбесін кімдер анықтайды?

Жауабы:

Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық қүндылық тізбесін ҚР үкіметі, облыстық, қалалық әкімдер, министрліктер мен ведомстволар анықтайды.

№9 сұрақ

Халыққа көшіруді өткізу туралы өкімді алған сәтте қалай жариялайды?

Жауабы:

Халықты хабарландыру үшін әртүрлі хабарлағыштар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары - радио, телевидение, баспасөз және т. б. қолданылады.

№10 сұрақ

Жаяу колонналары қанша адамға дейін жасақталады? Колонналардың қөзғалыс жылдамдығы қандай? Колонналардың ара қашықтығы қанша метрге дейін болып жоспарланады? Тәуліктік жүру мөлшері неше км?

Жауабы:

Жаяу колонналары 500 - 1000 адамға дейін жасақталады. Колонналардың қөзғалыс жылдамдығы 4 - 5 км/сағат, колонналардың ара қашықтығы 500 м дейін болып жоспарланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30-40 км.

Лекция № 9 «-- попередня | наступна --» Лекция № 10
загрузка...
© om.net.ua