загрузка...
загрузка...
На головну

Лекция №6

Дивіться також:
  1. Апреля лекция пропущена!!!
  2. БЖД лекция 9 (техногенные опасности)
  3. Бухгалтерский учет. Обзорная лекция
  4. В. О. Ключевский. Курс русской истории. Лекция 30.
  5. ВВОДНАЯ ЛЕКЦИЯ
  6. ВВОДНАЯ ЛЕКЦИЯ
  7. Вид занятия - лекция-беседа.
  8. ВТОРАЯ ЛЕКЦИЯ ОБ ИСКУССТВЕ ОБЩЕНИЯ
  9. Гражданская война и иностранная интервенция. Лекция 2
  10. Гражданская война и интервенция в России. Лекция 1.
  11. Дальше кому эта херня нужна может ее выучить, но она отсутствует в лекциях
  12. Девятая лекция.

Семинар № 5

Тақырыбы: Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы

Мақсаты:Студенттерге қатты әсер ететін улы заттар сипаттамасы мен кездегі алғашқы дәрігерлік көмек шараларын үйрету.

1-тапсырма. Қатты әсер ететін улағыш заттардың жіктемесін схема не таблица түрінде көрсет.

2-тапсырма. Келтірілген суреттердегі алғашқы көмек қай кездерде жасалынатын көрсет.

Тақырып: Халықты қорғаудың негізгі әдістері

1. Негізгі қорғау әдістері.

2. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтеніие жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру;

♦ халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

♦ азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

♦ радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дөзиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

♦ зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу. Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, ягни жау шабуылы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарынын қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың өмірі мен денсаулыгына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Хатықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен "Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес жүргізіледі.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидодтар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қоб-дишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Халықты қорғау республика Азаматтық қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар - ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздаңдыру - бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжым-дық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орын-дары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады.

Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау - маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Әткен уақыттағыдай, қазір де осы міндетті шешу жолдарының бірі елді-мекендерде адамдарды панала-тұта арналған қорғаныс ғимараттарының әртүрлі үлгілерін жасау болып табылады.

Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимарттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп тенген кезде жылдам түрғызылуға тиіс.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.

Қорғаныс ғимараттары желдеткіш қондырғылармен қамтамасыз етуі бойынша олар қолдан бар материалдар және дайын тұрған ауаның тұрақты көлеміне орай (желдетусіз) даярланатын, өндірістік қисында даярланған желдеткіш қондырғылары болып бөлінеді.

Лекция №5 «-- попередня | наступна --» Лекция №6
загрузка...
© om.net.ua