загрузка...
загрузка...
На головну

Лекция №5

Дивіться також:
  1. Апреля лекция пропущена!!!
  2. БЖД лекция 9 (техногенные опасности)
  3. Бухгалтерский учет. Обзорная лекция
  4. В. О. Ключевский. Курс русской истории. Лекция 30.
  5. ВВОДНАЯ ЛЕКЦИЯ
  6. ВВОДНАЯ ЛЕКЦИЯ
  7. Вид занятия - лекция-беседа.
  8. ВТОРАЯ ЛЕКЦИЯ ОБ ИСКУССТВЕ ОБЩЕНИЯ
  9. Гражданская война и иностранная интервенция. Лекция 2
  10. Гражданская война и интервенция в России. Лекция 1.
  11. Дальше кому эта херня нужна может ее выучить, но она отсутствует в лекциях
  12. Девятая лекция.

Семинар № 4

Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жергілікті жердің радиоактивтік ластануы

Студенттерге радиациялық зақымдау факторларын және адамдардың сәулелену ауруларының жіктемесін түсіндіру.

Химиялық қауіпті объектілердегі аварилардың қайталама (факторы ретінде жарылыстар мен өрттер болуы мүмкін. Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді.

1-тапсырма.

Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Осы сәулелену ауруларының дәрежелік сипаттамасын схема түрінде көрсет.

2-тапсырма.

Келесі ұғымдарға түсінік бер:

· Иондаушы сәулелену ·
· Радон ·
· Радионуклид ·
· Радиациялық авария ·
· Радиактивтілік ·

І. Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы

1. Қатты әсер ететін улы заттардың сипаттамасы.

2. Улағыш заттардың жіктелуі.

3. Организмнің әр түрлі УЗ топтарымен зақымдану белгілері.

4. Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

5. ҚӘУЗ-бен зақымданудың химиялық ошақтарының сипаттамасы.

Өнеркәсіптің дамуы технологиялық процестергс әртүрлі химиялық өнімдердің барған сайын көбірек қолданылуын қажет етіп отыр. Бұл оларды өндіру жөне үлкен көлемде тасымалдануын қажет етеді.

Бейбіт уақытта авариялар болуы мүмкін, ал соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратып, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы (төгілуі) ықтимал. Олардың көпшілігі улы болғандықтан адамдарға айтарлықтай қатер төндіреді.

Алайда, аса қауіпті объектілердің қирауы (авария) кезінде олардың шығуы (төгілуі) нәтижесінде химиялық заттардың барлығы бірдей үлкен залал келтіре алмайды. Тыныс aлy органдары мен тері ұлпалары арқылы әсер еткен уақыттағы жоғары улылық, өндіріс көлемінің ірілігі, тұтыну, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ шыққан (төгілген) кезде негізгі зақымдағыш күйге (бу немесе аэрозоль) оңайту қабілеті сияқты белгілі бір қасиеттері үйлескен кездегі химиялық қосылыстардың бір бөлігі ғана адамдардың жаппай зақымдануына себеп бола алады.

Қазіргі уақытта белгілі бірнеше ондаған мың химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан (төгілген) кезде адамдардың жаппай зақымдалуы тудыруға қабілетгі, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады.

Бейбіт уақьггта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының (авариялардың) салдарын дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ-бен зақымдану аймағында іс-әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу (төгілу) салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін.

Салдарды болжау үшін қажетті ақпарат келтірілген ҚӘУЗ тізбесінде бірнеше атау келтіріледі. Олар акрилонитрил, амил, аммиак, азот қышқылы, гептил, гидразин, диоксин, дихлорэтан, көміртегі тотығы, этилен тотығы, күкірттің қос тотығы, күкіртті көміртегі, тетраэтилқорғасын, фосген, фторлы сутегі, хлор, хлорпикрин, цианды сутегі.

Қатты әсер ететін улы заттар

ҚӘУЗ - бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық (авариялар) жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялык қосылыстар.

ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия (мұнайхимиясы) мұнай өндеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, объектілерін, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимараттарын, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.

Бұл: заттар өздерінің қасиеттері бойынша әртүрлі болып келеді. Барлық ҚӘУЗ-ді мынадай топтарға бөлуге болады:

а) түншықтырғыштық әсері басым заттар;

б) жалпы улылық әсері басым заттар;

в) түншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;

г) өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар (нейротропты улар);

д) түншықтырғыштық және нейротроптық әсері бар заттар;

е) метаболдық улар;

ж) заттардың алмасуын бұзатын заттар.

Түншықтырғыштық әсері басым заттарғаулы қосылыстар

(хлор, фосген, хлорпикрин және басқалар) жатады, олар үшіп организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады. Зақымданудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді: затпен байланыс кезеңі, жасырын кезең, өкпенің уланудан қабыну кезеңі және асқыну кезеңі. Әр кезеңнің созымдылығы ҚӘУЗ-дің улылық ерекшелігімен және экспозициялық дозаның көлемімен анықталады. Көбірек жинақталған бір қатар заттардың буының әсері кезінде терінің ашық жерлерінің, кілегейлі жоғары тыныс алу жолдары мен өкпенің химиялық күйігінен туындаған тосын жағдайдан адам қаза болуы мүмкін.

Жалпы улылық әсері басым заттарғаэнергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар (көміртегі тотығы, цианды сутегі және басқалар) жатады.

Түншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттарғаингаляциялық әсер кезінде өкпені удан қабындыруға, ал сіңу кезінде энергетикалық алмасуды бұзуға қабілетті ҚӘУЗ-дің едәуір бөлігі жатады (амил, акрилонитрил, азот қышқылы мен азот тотығы, күкірттің қос тотығы, фторлы сутегі және басқалар) жатады. Осы топтың көптеген қосылыстарының күшті күйдіргіштік әсері бар, бұл өз кезегінде алғашқы көмекті көрсетуді қиындатады.

Нейтропты уларғажүйкені реттеу механизмі, сондай-ақ жүйке жүйесінің ұшыстыру күйін бұзатын заттар (тетраэти-қорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар және басқалар) жатады, осындай әрекеттің негізінде олардың синтез, сақтау, шығару, нейромедиаторлар синаптикалық қуысындағы белсенділікті төмендету процестеріне араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ықпатдасу, қозған мембраналардың иондық арналарының өткізушілігін өзгерту қабілеті жатыр.

Түншықтырғыштық және нейтроптық әсері бар заттарғаингаляциялық зақымдану кезінде өкпенің удан қабынуын тудыратын қосылыстар (аммиак, гептил, гидразин және басқалар) жатады, соның салдарынан жүйке жүйесі қатты зақымданады.

Метаболдық уларғаорганизмдегі заттардың метаболизмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар (этилен тотығы, дихлорэтан, және басқалар) жатады. Булармен улану уға қатты қарсылықтың жоқтығымен сипатталады организм, әдеттегідей, біртіндеп дамиды және ауыр жағдайда бірнеше күннің бойында өліммен аяқталады.

Осы заттармен зақымданудың патологиялық процесіне көптеген органдар мен организмдер жүйесі, бірінші кезекте орталық жүйке жүйесі, үлпершікті ағзалар, ал кейде қан жүйесі тартылады.

Заттардың алмасуын бұзатын заттарғагалогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы қосылыстар (диоксин, полихлорланған бензофурандар және басқалар) жатады. Осы заттар өкпе, ас қорыту жолы мен тері үлпалар арқ-ылы әсер ете отыра, өте үзаққа созылатын ауруды тудыруға қабілетті. Бүл жағдайда осы процеске іс жүзінде барлық органдар мен организм жүйелері тартылады. Осы заттардың әсерінің өзіндік ерекшеліктері заттың алмасуын бұзу болып табылады, бұл ақыр аяғында тіпті өлімге ұшыратуы мүмкін.

ҚӘУЗ туралы негізгі мәліметтер.

ҚӘУЗ-бен зақымданған кезде алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек шаралары

ҚӘУЗ атауы Алғашқы көмек шаралары
Аммиак Зақымданушыны зақымдану ауданынан тезірек алып кету. Көз бен теріні 10 минут бойы сумен шаю. Киімді ауыстыру. Қараңғы ғимаратқа жатқызу. Көмекейдің маңайына қыздырғыш қою. Боржом немесе сода қосылған сүт ішкізу. Одан кейін ылғалдандырылған оттегі. Жылы сумен ауа еңгізу. Тыныс алу бұзылған немесе тоқтаған кезде - жасанды демалдыру.
Көміртегі тотығы Зақымданушыны жатқан күйінде тезірек таза ауаға шығару (тіпті, егер ол өзі қозғала алсада). Тыныс алуға кедергі келтіретін киімді шешу (жаға мен белбеуді ағыту). Денені ыңғайлы етіп жатқызу. Тыныштық. Жылу (аяққа жылытқы, қыздырғыш қою). Оттегімен ұзақ демалдыру. Ауыр және орташа уланғандарды стационарда емдейді. Болмашы уланған жағдайда кофе, күшті шәй беру. Мақтамен мүсәтір спиртін иіскеткізу.
Хлор Зардап шегушіні таза ауаға шығару. Ылғалдырылған оттегі беру, Тыныштық, жылыту. Кілегейлі ұлпа ылғалдандырылған оттегінің бойы соданың 2 % ертіндісімен шаю. Емханаға алып бару.


Көміртегі тотығы (иісті газ) СО Қандағы гемоглобин тотығынан оттегіні ығыстырады, карбок-сигемоглобинді жасайды. Оттегі көлемі 18-20%-дан 8%-ке дейін төмендеуі мүмкін (аноксемиз). Көміртегі тотығы ұлпалық тыныс алуды бұза отыра тікелей улы әсер етуге қабілетті. Көміртегі тотығы әсерін жастар және бронхитпен және демікпемен, өкпе, бауыр, қан айналымы органдарының ауруларынан, диабетте зардап шегетін адамдар тез сезеді. Көмір алмасуына ықпал етіп, қандағы қант деңгейін көтереді. Фосфорлық және азоттық алмасуды бұзады. Адам тыныс алудың тоқтауынан қаза болады.

Көмір тотығының әсері кезінде денені зіл басу мен бастың қысылуы сезіледі. Маңдай мен самай қатты шырқырайды бас айналады, құлақ шулайды, беттің терісі қызарып ысыйды, өлсіздік пен қорқыныш сезімі билейді, маңдай күре тамырының, жалпы тамырдың соғуы жиілейді, жүрек айниды, құстырады. Бұдан кейін әлсіздік пен шарасыздық пайда болады, ұйқы басады, дененің температурасы 38- 40°С қа дейін көтеріледі. Одан әрі адам есінен айырылып құсады. Хлор CL2 Тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, өкпені қабындыруы мүмкін. Қанда хлордың әсері кезінде бос амин қышқылдарының мөлшері бұзылады жэне кейбір тотықтарының белсенділігі төмендейді. Орташа және шағын мөлшермен зақымдангған кезде кеудесінде төңірегі қатты сырқырайды, Көз қыжылдап түйіледі, жас ағады, азапты құрғақ жөтел пайда болады. 2 - 3 сағаттан соң өкпе қабынады. Үлкен мөлшердегі әсерлер тыныс алу орталығы ҚӘУЗ-дің жалпы әсер ету сипаты және зақымдану белгілері

ҚӘУЗ атауы әсерінің жалпы сипаттамасы. Зақымдау белгілері

Аммиак NH3 Көзге, тыныс алу органдарына, орталық жүке жүйесінің тері ұлпаларына қауіпті. Аммиактыңқатты әсерінен кейін бірнеше минуттан соң бұлшық еттің әлсіздігі, көтеріңкі рефлекторлық қозу, құрыспа пайда болады. Есту күрт төмендейді, өкпе қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымдану нәтижесінде психикалық және неврологиялық ауытқу ықтимал. Көздің бұршағы, қабақтың қараюы кейде тіпті коздің көрмей қалуы мүмкін.

Көбірек жинақталу көздің жасын қатты ағызып оны ауыртады, түншықтырады, қатты жөтелтеді, басты айналдырады, асқазанды сырқыратады, құстырады, дәретті кешіктіреді. Көмейдің түйілуі мен дыбыс сіңірлерінің қабыну қауіпі пайда болады. Ішке қарай өткен соң дененің қызаруы және кілегейлі ұлпалардың шыны тәрізді қабынуы, кейде пайда болады. Кеудені сырқыратып, ықылық атқызады, кейде құстырады. Тез шаймаса теріге әсер ету кезінде қызару бөрітпе пайда болады.

Ауа температурасының ҚӘУЗ (КСІ) алғашқы бұлтының таралу теңдігіне ықпал ету коэффициентінің маңызы

ҚӘУЗ Ауаның температурасы °С
атауы -40 -30 -20 -10 +10 +20 +30 +40
Аммиак пен хлор7 0,3 0,5 0,7 0,8 0,9 1,0 1,1 1,2
Аммиак иен хлорV од 0,2 0,3 0,6 0,8 1,0 1,2 1,3
Көміртегі тотығы 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0

Ескерту 1/. - қысылған, сұйылтылған күйде сақтау кезінде (қысыммен);

2/. - сұйық (салқындатылған) күйде сақтау кезінде (сақтаудың изотермиялық әдісі).

2 м Ім/с (сағаттар, тәуліктер, айлар) биіктіктегі желдің жылдамдығы кезінде төгілу алаңынан ҚӘУЗ-дің булану уақыты

Үлгілік объект (сақтау нысаны), т

Ауаның температурасы С

-40 -30 -20 -10 0 +10 +20 +30 +40

АММИАК

зб1' 1,2т 1,0г 20с 17с 15с 13с 11с 9,4с 7,8с
501/ 1,3т 1,1т 21,7 с 18,3с 16с 13,4 с 11,3с Юс 8,6с
18,3 т 15,4т 12,6т 11,4т 9,3т 7.6т 6,3т 5,5т 4,7т
20,3 т 17,2т 14т 12т 10г 8,6т
24т 20,3т 16.7т 14,3т 11,7т 10т 8,4т 7,3т 6,2т
27т 23,2т 18,6т 15,9т 13,1т 11,3 т 9,4т 8,3т
26,4т 21,5т 18,3т 15,2т 13,1 т 11т 9,5т
24,8т 21т 17,5т 15,1 т 12,6т 11т 9,4т

ХЛОР

I1' 12ч 10,3ч 8,6ч 6,9ч 5,1ч 4,6ч 3,8ч 3,3ч
  13,9с 11,9с 9,9с 7,9с 6,9с 5,9с 5,4с 4,4с 3,8с
30!/ 15,3с 13,1с 10,9 с 8,7с 7,6с 6,5с 5,9с 4,9с 4,3с
  15,5с 13,3с 11,1 с 8,9с 7,8с 6,7с 6,1с 4,4с
8,6т 7,3т 6,3т 5,3т 4,7т 4,1т 3,4т 3,1т 2,6т
l 150 9,6т 8,1т 5,2т 4,4т 3,9т 3,4т 2,9т
11,3т 9,6т 8,3т 6,2т 5,2т 4,5т 4,1т 3,4т
13,4т 11,4т 9,5т 8,4т 7,4т 6,4т 5,8т 4,8т1 4,1т
14,7т 12,5т 10,9 т 9,2т 8,1т 7тт 5,3т 4,5т
16,8т 14,4т 12,5 т 10,5т 9,2т 7,9т 6,6т 5,3т

Ауырлықтың белгілі бір деңгейіне дейін қорғалатын жеке құрылғының зақымдалуы бақыланатын шекте ҚӘУЗ-дің таралу аймағы тереңдігінің үлесі

ҚӘУЗ Ауаның температурасы +C
ақауы -40 -30 -20 -10 +1 +2 0 +3 0 +4 0
Аммиак пен хлор V 0,3 0,5 0,7 0,8 0,9 1,0 1,1 1,2
Аммиак пен хлор2/ ОД 0,2 0,3 0,6 0,8 1,0 1,2 1,3
Көміртегі тотығы 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0

ІІ. ДП-5В, ДП-22В, ДП-24, ИД-1, ИД-11 жеке дозиметрлердің жиынтығы

1. Дозиметрлік құралдардың кызметі.

2. Дозиметрлік бақылау приборларының құрылымы.

3. Дозиметрлік құралдарды пайдалану ережесі.

ДП-22В жеке дөзиметр жиынына 50 тік көрсететін ДКП- 50-А дөзиметрлері мен ЗД - 5 зарядтау қондырғысы кіреді.

0,5-200Р/с дөзалар қуатын өлшеу кезінде 2 - 50 диапа-ондағы гамма-сәулеленудің жеке дөзасын өлшеуге арналған. Дөзиметрлерінің жұмысы температуралардың

-40 +50 °С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98% кезінде қ а м т а м а с ы з етіледі.

Әрбір дөзиметр алюминий құймасынан автокалам түрінде жасалынған.

ДКП-50-А дөзиметрін жұмысқа даярлау кезінде дөзиметрдің шаңнан қорғайтын қалпақшасын және зарядтау қондырғысындағы "заряд" ұясындағы қалпақшаны бұрайды. "Заряд" тұтқасын сағат жүрісіне қарсы қойып, дөзиметрді ұяға салады, осы кезде ұяның төмеңгі жағындағы дөзиметр шкаласына жарық түсіретін шам жанады. Оператор окулярға қарай және сағат тілі бойынша "заряд" тұтқасын бұрай отыра тілді дөзиметр шкаласындағы нольдік белгіге қойып, дөзиметрді ұядан алады және қорғаныс қалпақшасын бұрайды. Дөзиметрлерді зарядтағаннан кейін радиоактивті зақымдану аймағында жұмыс істейтін бөлімшелердің жеке құрамына береді.

.

Ошақтан қайтқаннан кейін дөзиметрдің көрсеткендері жеке құрамнын сәулеленуін есептеу журналына енгізіледі.

ИД-1 дөза өлшеу жиыны температуралардың -40 +50°С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98 % кезінде гамма-нейтрондық сәулеленудің жұтылған дөзасын өлшеуге арналған. Дөзиметр 20-500 рад диапазондағы гамма-нейтрондык сәулеленудің жұтылган дөзасын өлшеуді қамтамасыз етеді.

Өлшенетін дөзаларды есептеу дөзиметр ішінде орналасқан және окуляр арқылы жарықта көрінетін шкала бойынша жүргізіледі. Дөзиметрлерді зарядтау ЗД-6 зарядтау қондырғысымен жүргізіледі. Жиынға зарадтау қондырғысымен қатар 10 дөзиметр және футлярға салынған нұсқаулық кіреді.

Зарядтау қондырғысының жұмыс принципі мынаған негізделген: сағат тілі бойынша тұтқаны айналдырған кезде рычагтік механизм пьезоэлементтерге қысым жасайды, Олар бұзылғаннан кейін кіре берісте дөзиметрдің иондық камерасының орталық электроды зарядтау ұясының орталық діңгегі бойынша плюс, ал корпус бойынша иондық камераның сыртқы электродына минус берілетіндей ретпен орналасқан әр түрлі қуаттылықты құрайды.

Дөзиметрді жұмыс жағдайына келтіру үшін оны зарядтау қажет. Бұл үшін зарядтау қондырғысының тұтқасын аяғына дейін сағат тіліне қарсы бұрап, дөзиметрді зарядтау қондырғысының зарядтық-байланыс ұясына қояды; зарядтык, қондырғыны айнамен жарықтың сыртқы көзіне бағыттап айнаны бұра отыра шкалаға жарықты барынша көбірек түсіреді, дөзиметрді басып, окулярды бақылай отыра зарядтык қондырғының тілін сағаттың тілі бойынша дөзиметр шкаласындағы тілдің көрсетуі нөльге жеткенге дейін бұрай-ды, бұдан кейін дөзиметрді ұядан алып, жіптің жағдайын жарықта тексереді (тілдің тік жағдайы кезде оның көрсетуі 0 болуға тиіс).

Дөзиметрді иондаушы сәулелер әсері өрісіндегі жұмыс уақытында киімнің қалтасына салып жүреді. Дөзиметр окулярына ара-тұра қарай отырып дөзиметр шкаласындағы тілдің көрсетуі бойынша жұмыс уақытында алынған гамма-нейтрондық сәулелену дөзасын анықтайды.

ИД-11 жеке дөза өлшеу жиыны гамма-нейтрондық сәулеленудің жеке дөзасын тіркеуге арналған және ИУ-1 өлшеу қондырғысының бес буып-түю жәшігінде орналасқан 500 жеке ИД-11 өлшеу дөзасынан, екі қуаттандыру кабелінен, техн и к а л ы қ құжаттама мен артық бөлшектерден тұрады. Гамма- және аралас гамма-нейтрондық сәулелену дөзасын тіркеу күміс жалатылған алюминий-фосфатты шынының көмегімен жүргізіледі. Тіркелген дөзаны өлшеу 10-1500 раддиапазонындағы ИЮ- 1 өлшеу қондырғысының көмегімен жүргізіледі. Сәулелену дөзасы мерзімдік сәулелену кезінде қосылады және дөзиметрде 12 ай сақталады. ИД-11 массасы -25г.

"Белла" тұрмыстық дөзиметрі. Пөртативті, қалталы прибор түрінде жасалған.

Дөзиметр екі жұмыс режимімен жұмыс істейді: ПОИСК және МЭД. ПОИСК режимі дыбыс дабылдарын қадағалау желісі бойынша радиациялық ахуалды тұрпайы бағалау үшін қызмет етеді. МЭД режимі цифрлі таблодағы эквивалентті дөзаны қуатын өлшеу және индикациялау үшін қызмет етеді

МЭД өлшемі 40 с шамасындағы уақыт аралығымен автоматты түрде, сондай-ақ МЭД-КОНТР. ПИТАНИЯ кнопкасына қысқа уақыт басу аркылы жүргізіледі.

Дөзиметрдің өлшеу уақытты 40с шамасында, бұл кезде цифрлы таблода әрбір разрядтан (цифрлар) кейін нүкте пайда болады.

1,2,4 разрядтардан кейін нүктелердің жоғалуы өлшеу процесінің аяқталғандығын білдіреді.

Дөзиметр 1мЗв/с аспайтын эквивалетті дөза қуаты тағай-ылдалғанға дейін МЭД 99,99 мкЗв/с маңызының артқан-дығы туралы (дыбыс таблосының толып кетуі) үздіксіз ды-быстық және жарық дабылын қамтамасыз етеді.

Лекция № 4 «-- попередня | наступна --» Лекция №6
загрузка...
© om.net.ua