загрузка...
загрузка...
На головну

Лекция № 3

Дивіться також:
  1. Апреля лекция пропущена!!!
  2. БЖД лекция 9 (техногенные опасности)
  3. Бухгалтерский учет. Обзорная лекция
  4. В. О. Ключевский. Курс русской истории. Лекция 30.
  5. ВВОДНАЯ ЛЕКЦИЯ
  6. ВВОДНАЯ ЛЕКЦИЯ
  7. Вид занятия - лекция-беседа.
  8. ВТОРАЯ ЛЕКЦИЯ ОБ ИСКУССТВЕ ОБЩЕНИЯ
  9. Гражданская война и иностранная интервенция. Лекция 2
  10. Гражданская война и интервенция в России. Лекция 1.
  11. Дальше кому эта херня нужна может ее выучить, но она отсутствует в лекциях
  12. Девятая лекция.

Тақырып: Төтенше жағдайлар аймағының зілзала, авария, апат және қазіргі зақымдағыш құралдарын қолдану кезіндегі сипаттамасы

1. Зілзаланың негізгі зақымдағыш факторлары.

2. Ядролық қарудың зақымдағыш факторлары, олардың сипаттамасы.

3. Сәулелену дозасының сипаттамасы.

4. Радиацияның көздері, табиғи радиация, жердің радиактивтілік ластану

5. Радионуклеидтерден ауылшаруашылық өнімдері азық-түлікпен судың ластануы

1. Қазақстан Республикасының біршама аумағында жер сікінісі болып тұрады»

Осы зілзала, әдетте, үлкен аймақты қамтиды, соның салдарынан топырақтың тұтастығы бұзылып, ғимараттар мен үй жайлар қирайды, адамдар қаза болады және жарақат болады,материалдық құндылықтар жойылады.

Жер сілкінісі кезіндегі зақымдаудың қайталама факторлары төмендегідей:

- коммуналдық-энергетикалық және газ желілерінің бұзылуы, өндірістік авариялар нәтижссінде болатын алапат өрттің шығуы;

- сел тасқынының, қар көшкіні мен сырғымалардың пайда болуы;

- тоғандардың бұзылуы нәтижесіндеелді мекендер мен тас аудандардың су астында қалуы;

- химиялық және радиациялық қауіпті объектілердің қирауы нәтижесінде ҚӘУЗ ошақтары мен радиоактивті зақымдау аумағының пайда болуы. Сел тасқындарының бастапқы факторларының арасынан, ең алдымен, автомобиль және темір жолдарға, көпірлерге, электр беру желілеріне, ғимараттар мен тұрақ жайларға, ауылшаруашылығы жайылымдарына келтірілетін зілзалаларды айтуға болады.

2. Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді:

Бірінші аймаққа сыртқы шекараға жоғарырақ артық қысыммен соққы толқынының әсеріне ұшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады.

Екінші аймақ соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта тас ғимараттар мен жертөлелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардың көбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді.

Үшінші аймақ соққы толқынының артық қысымымен ғимараттар мсн тұрақ жайлармен ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін. Көптеген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда тұрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді.

Төртінші аймақ толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек.

3. Организмге берілген энергия мөлшері доза деп аталады. Сәулеге ұшыраған дененің (организмнің) массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының мөлшері сіңірілген доза деп аталады. Алайда бұл мөлшері сіңірілген дозаның бірдейлігі кезінде альфа сөулеленудің бета және гамма сәулеленуден едәуір қауіпті екендігін ескеріледі. Сондықтан дозаның келесі түрі эквивалентті доза болып табылады. Эквивалентгі дозаларды осы коэффициентгерге көбейтіп және барлық ұлпалар мсн организмдар бойынша қосып, организм үшін сәулеленудіц жиынгық әсерін көрсететін тиімді эквивалентті дозаны аламыз.

Осы үш түсінік (сіңірілген доза, эквивалент доза жолы тиімді эквивалент доза) тек жеке алынған дозаны көрсетеді. Егер адамдар тобы алған тиімді эквивалент дозаны қосатын болсақ, ұжымдық тиімді эквивалентті дозаны аламыз. Ұжымдық доза көлемінің өзгерісі бүкіл хайуанаттардыд немесе сол аумақта тұратын халықтың денсаулығына аса қатты әсер етеді.

4. Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран тұзының сәулеленуін анықтады. Жарыққа және 1895 жылы ашылған рентген сәулелеріне ұқсастыру бойынша бұл қүбылыс радиоактивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті. Иондаушы сәулелену - элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бұл заттарда әртүрлі заттардың пайда болуына алып келеді. Радионуклид - атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады. Радон - дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өтімділігі болып табылады. Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.

5. Өсімдіктердің дамуының ең алғашқы кезеңі, белсенді өсу аймағы, яғни бөлінетін жас клеткалар зардап шеккенде сәулеге өте сезімтал келеді, ал өсімдіктердің әрбір түрлері мен сорттарына әр түрлі радиоактивті сезімталдық тән. Осылайша астық тұқымдас өсімдіктер түтікке шығуы кезінде. Сәулеленудің үлкен дозасы кезінде астық ішінара немесе толық өсу қабілетін жоғалтады. . Азық-түліктің тек үстіңгі қабатымен ғана радиоактивті зақымдауға ұшырайтынын есте сақтаңыз. Үстіңгі қабатын алғаннан кейін немесе біршама уақыттан соң табиғи дезактивация салдарынан пайдалануға жарамды болады.

Жергілікті суаттардағы балық пен шаяндарды тамаққа пайдалануға болмайды. Зақымданған жайылымда жайылған малдың сүтін пайдаланбаған жөн. Тексерілмеген сүтті балаларға беруге болмайды. Егер майды табада шыжғырса, зиянды элементтер толығымен буланып ұшып кетеді. Шошқа майын ең таза өнім деп санауға болады. Оның радионуклидті "итеріп шығаратын" биохимиялық ерекшелігі бар

Семинар № 2 «-- попередня | наступна --» Семинар № 3
загрузка...
© om.net.ua